Иван Акимович ТыщенкоҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1971), агроном, ауыл шаруашылығы озаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977), ҚазССР-інің еңбек сіңіірген агрономы (1970). 8 қараша 1925 жылы Ресейдің Краснодар өлкесі, Каневская стансасында туған.

Еңбек жолы 1942-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. 1947 жылдан КОКП мүшесі. 1948 жылы Краснодар тамақ өнеркәсібі институтын бітірген. 1948-1950 жылдары - Алматы облысы "Есік" жеміс-жүзім совхозының №3 бөлімшесінің меңгерушісі. 1950-1954 жылдары - Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Сарыағаш ауданы, "Қапланбек" совхозының бөлімше меңгерушісі, аға агроном. 1954 жылдан осы совхоздың директоры болды.

Жетістігі Ауыл шаруашылығы озаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1977). ҚазССР-інің еңбек сіңіірген агрономы (1970). 1976 жылдан Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды.

Наградалары 2 рет Ленин ордені 3-дәрежелі Даңқ ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1971)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері