Медициналық жабдықтарКраткая медицинская энциклопедия, 2-том. Москва - 1989. ISBN 5-85270-056-8 - ауруларды емдеу-диагностикалық іс-шаралар барысында, сонымен қатар оларды күтіп-баптауда емделушілер мен медицина қызметшілерін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз етуге арналған медициналық техникалық бұйымдар.

Медициналық жабдықтардың топтары

Емдеу және тексеру іс-шаралары кезінде қолданылатын жабдықтар

Ауруларды тасымалдайтын жабдықтар әр түрлі тұрпатты арбашалар алмалы-салмалы тақталы (зембіл ретінде пайдалануға болатын); көтергіш тақталы; әр түрлі функционалды (ауыр науқастар және реанимациялық); балаларға арналған арбаша (жаңа туған нәрестеге арналған, ауру балаларды тасымалдайтын).

Медициналық төсек функционалды (әр түрлі қалыпқа келтірілетін); емханалық; травматологиялық ауруларға; сүйек туберкулезі ауруларына; психикалық аурумен ауыратындарға; акушерлік; күйікпен түскен ауруларға; жұқпалы ішек-қарын ауруларына; жаңа туған балаларға; 5 жасқа дейінгі балаларға; 5-14 жасқа дейінгі жеткіншектерге;

Үстелдер мен креслолар жан-жақты операциялық үстелдер - рентген өткізгіш тақтадан, тумбадан және дубляждалған басқару жүйеден (гидравликалық, электромеханикалық және электрогидравликалық) тұрады; қол ұстағыш, аяқ қойғыш, иық және қабырға тірегіштер, аяққа арналған таяныш, жұмыр жастық, бас сүйегіш, тартқыштар, таған сияқты алмалы-салмалы түрлі тетіктерді қолдану операциялық үстелдерді әр түрлі қалыпқа келтіреді; жаңа туған нәрестеге арналған санитарлық үстел (тұрақты температура ұстайтын қондырғы, тумбасында керекті жабынды жиынтық қойылған, алдыңғы жағына нәрестенің бойын өлшейтін сызғыш орнатылған); таңу (перевязочный) үстелі - фельдшер-акушерлік пункттерде шағын операция жасауға және таңу шараларын жүргізуге арналған, оны гинекологиялық кресло ретінде де пайдалануға болады; жиналмалы таңу үстелі (дөңгелегі алмалы-салмалы); палаталарда ауруларға медициналық көмек көрсету үшін, операциялық бөлімдерде, перзентханаларда дәрілерді, таңу материалдарын, дезинфекциялау ерітінділерін, құралдар мен аспаптарды қоятын және тасымалдайтын үстелдер қолдану мақсатына байланысты әр түрлі аталады: анестезиологиялық, құрал-жабдықты, акушерлік, манипуляциялық, төсек жанына арналған, операцияға және қолға оңтайлы, стоматологиялық, хирургиялық және т.б.

Емдеу және тексеру іс-шараларын жүргізетін жабдықтар Стоматологиялық жабдықтар; Рентгенологиялық жабдықтар; Радиологиялық жабдықтар; Дезинфекциялық жабдықтар; Анализге биологиялық материалдар дайындайтын жабдықтар.

Шаруашылық жабдықтары медицина құралдарын жуып-шаятын жабдықтар; стерильдейтін жабдықтар; термостаттар; су мен ауаны тазартқыш жабдықтар; ауруларды тамақпен қамтамасыз ететін жабдықтар;

Медициналық жабдықтар күтімі Жабдықтардың тазалығы күнделікті сақталуы тиіс: Дезинфекциялау - сутек тотығының 3%-к ерітіндісі және 0,5%-к жуғыш затының қосындыларын пайдаланады. Сүрту - тотықпау үшін өңделген жабдықтарды құрғақ әрі жұмсақ материалмен сүрту қажет. Майлау - үйкелетін тұстарын майлау (вазелин және басқа майлармен).

Дереккөздер

Санат:Медицина