Каравелла () — француздық орта қашықтықтық турбореактивті жолаушы ұшақтарының маркасы. Ұшақ 1955 жылдан 1970-жылдардың ортасына дейін Ұлттық авиа-ғарыш өндірістік қоғамымен (Societé Nationale Industrielle Aérospatiale) өндірілген.

Ұшақтың алғашқы ұшуы 1955 жылы 27 мамырда болды. Бұл әлемдегі алғашқы реактивті жолаушы ұшақтарының бірі және қозғалтқышы ұшақтың артқы бөлігінде оранласқан әлемдегі бірінші ұшақ. Ұшақ Франция президенттерінің қосалқы борты ретінде қолданылған (шетелдік іс-сапарларға қолданылған).

Ұшақты тексеру жұмыстары кезіндегі аға ұшқыш-сынаушы Андрэ Моине болдыМоине Андрэ (Moynet Andre).

Аэродинамикалық сызбасы қозғалтқышы құйрық бөлікте орналасқан екі моторлы турбореактивті төмен планерлі, оқ тәрізді қанаты мен бір кильді вертикальді жазықтығы бар ұшақ.

Ұшақтың келесі модельдері жасалынған: Каравелла I — 19 дана Каравелла IA — 13 дана Каравелла III — 78 дана Каравелла VI — N және R модификацияларынан 109 дана Каравелла 10B (Суперкаравелла) — 22 дана Каравелла 11К — 6 дана Каравелла 12 — 12 дана

Барлығы әр тұрлі нұсқалардағы 280 ұшақ өндірілді.

1996 жылы шамамен 20 ұшақ қолданыста болды.

Тарихы

Нұсқалары

нобай|оңға|Ұшақтың үшбұрышты терезелері бүкіл өндіріс барысында өзгеріске ұшырамады

+Lopez деректері НұсқаҰзындығыҚозғалтқышЖолаушылар Каравелла I 32.01 м RA-29 Mk.522 80 Каравелла IA 32.01 м RA-29 Mk.522A 80 Каравелла III 32.01 м RA-29 Mk.527 және 527B 80 Каравелла VI-N 32.01 м RA-29 Mk.531 және 531B 80 Каравелла VI-R 32.01 м RA-29 Mk.533R 80 Каравелла 10R 32.01 м P&W JT8D-7 80 Каравелла 11R 32.71 м P&W JT8D-7 89-99 Каравелла 10B 33.01 м P&W JT8D-7 105 Каравелла 12 36.24 м P&W JT8D-9 140

Каравелла I Прототиптерге ұқсас келді. Алғашқы ұшуы 1958 жылы 14 мамырда болып өтті. Бұл нұсқа тарту күші 4763 кГ болатын екі Rolls-Royce RA-29 Avon Mk.522 қозғалтқыштарымен жабдықталды және 80 жолаушы тасымалдауға арналды. Француздық ұшу сертификаты 1959 жылы 2 сәуірде берілді, ал ФАӘ (FAA) сертификаты 6 күннен кейін берілді. Эйр Франс әуе компаниясының ұшағының ең алғаш рейсі осы жылы Париж-Рим-Афины-Ыстамбұл бағытында жасалды. 1959 жылы 27 шілдеде Эйр Франстың Каравелла F-BHRB "Лотарингия" ұшағы Париж-Лондон бағытына енгізілді.

Барлығы 20 ұшақ сатылды: Эйр Франс (10), SAS (6), Эйр Алжир (2) және VARIG (2). VARIG компаниясының бір ұшағы Air Vietnam және Middle East Airlines компанияларына жалға берілген, кейінрек бұл ұшақ Royal Air Maroc компаниясына берілді.

Каравелла IA Сыртқы келбеті I нұсқасына ұқсас болғанымен, ұшақ жақсартылған Rolls-Royce Avon RA-29/1 Mk.526 қозғалтықышымен жабдықталды. Алғашқы ұшуы 1960 жылы 11 ақпанда болды. Барлығы 12 дана өндірілді. Олар Air France, SAS, Air Algérie, Finnair, және Royal Air Maroc әуе компанияларына тапсырылды. I және IA нұсқаларының ұшақтары кейінрек III нұсқасына дейін жақсартылды.

Каравелла III

Каравелла VI-R

Каравелла VII

Каравелла 10A

Каравелла 10B (Супер Каравелла)

Каравелла 10R

Каравелла 11R

нобай|оңға|Соңғы Каравеллалардың бірі. Ұшақ Air Inter әуе компаниясында қолданыста болды

Каравелла 12 (Супер Каравелла)

Техникалық сипаттамасы

Тағы қараңыз Sud Aviation Aérospatiale FMA I.Ae. 36 Cóndor Avro Jetliner de Havilland Comet Ту-104

Дереккөздер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Жолаушы ұшақтары