Мангуст тұқымдасы () — вивер тұқымдасынан бөліп шығарылған Сүтқоректілердің Мысықтәрізділер сабының жыртқыш аңдар тұқымдасы, 37-ге жуық түрі бар. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель). Африка, Азия және Оңтүстік Еуропада таралған.

Үндістан мен Африканың солтүстігін мекендейтін жыртқыш жануарлар. Құйрығын қоса есептегенде ұзындығы 1 метрге жуық ширақ денелі қайсар және оңтайлы жануар. Сыртқы пішіні күзенге және мысыққа ұқсайды. Мангуста улы сұр жыландармен шайқаста тайсалуды білмейді. Ол өте сақ, сондықтан өзіне төнген қауіпты қалт жібермей, өте шапшаң бағдарлап, жыланның алқымына шап ете түседі. Ал көзіне іліккен жемін магуста тірі жібермейді. Ол өте айбарлы да улы гюрзаларды дәл осылай өлтіреді. Магуста қолға тез үйренеді. Үнділер мангустаны асырап улы жылан және тышқан аулатады.

Дереккөздер

Санат:Мысықтәрізділер