Қағаз кескіш машиналар-қағаз және полиграфия өнер кәсібінде қағаз кесу үшін қолданылатын машина.Рулон қағаздан шығаруда қағаз жаймасын(полотносын) ұзыннан кесуге айналмалы диск пышақты машина қолданылады. Табақ қағаздар үшін пайдаланылатын машина жайманы алдымен белгілі бір жалпақтықпен ұзына бойымен кеседі де, содан кейін айналмалы барабанға орнатылған екінші пышақпен көлденең қиып отырады. Полиграфия өнеркәсібінде негізінен Қ.к.м-ның бір пышақты және үш пышақты екі түрі қолданылады.Мұнда өңделетін өнім қысқыш құрылғымен қосылып, гильотина тәрізді пышақпен кесіледі.Бір пышақты Қ.к.м. негізінен көлемді қағаздарды кішірейтіп бөлуге және оларды қажетті форматқа сай кесуге қолданылады.Ал үш пышақты машина көбінесе журнал,брошюра,кітап блоктарын үш жағынан кесуге арналған.

Дереккөздер "Қазақстан". Ұлттық инциклопедиясы 5-том