Аустрия-Мажарстан (, ресми түрде 14 қазан, 1868 жылдан бастап — (Рейхсратта ұсынылған патшалықтар және жерлер, сондай-ақ Әулие Стефан мажарлық тәжінің жерлері), бейресми толық атауы— (Аустрия-Мажарстан монархия), , ) — 1867—1918 жылдары болған, қосбіріккен монархия (K. und k.) және Орталық Еуропадағы көпұлтты мемлекет.
Тарихы 1867 жылы Біріккен Аустрия-Мажарстан империясы жарияланды. Империя ресми түрде екі біріккен монархиядан тұрды: Транслейтания (Венгрия иелігі) және Цислейтания (Аустрия иелігі)Венгрия. Полная история страны, ISBN:9785044614239, 2022 ж. 30 тамыз, ЛитРес баспасы, авторы Бенс Йонаш. Оның алғашқы королі I Франц Йосиф 1878 жылы орыс-түрік соғысы нәтижесінде Босния және Герцеговинаны уақытша басып алды. 1882 жылы Үштік одаққа мүше болды. 1908 жылғы Босния дағдарысы нәтижесінде Аустрия-Мажарстан Боснияны толықтай басып алды. 1914—1918 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Аустрия-Мажарстан Үштік одақ құрамында Ресей, Сербия, Черногория және Италияға қарсы (1915 жылдан бастап) соғысты.
Дереккөздер
Санат:Еуропа тарихи мемлекеттері Санат:1918 жылы жойылғандар Санат:Тарихи герман мемлекеттері Санат:Тарихи мемлекеттер