Ақтеке Қоңырұлы (т. ж. белгісіз — 1940, ҚХР, Алтай) – Алтайдағы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Керей тайпасының Абақ-Керей тармағының Қарақас руынан шыққан.
Өмірбаяны 1940 ж. ақпанда Қытайдағы Алтай аймағының Көктоғай ауданы Қазақтарын Шыңжан өлкесіндегі Шэн Ши Сай үстемдігіне қарсы көтерді. Қару-жарақты жаудан тартып алып, ықпалды жасақ құрды. Қытай әскерлерімен қақтығыста Қарағайты деген жерде жараланып, қайтыс болды. Ақтеке бастаған бұл күрес 1945 жылы Алтай халқының жеңісіне ұласты.
Дереккөздер