Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.Адам. Қоғам. Құқық, 9 сынып «Мектеп» баспасы, 2009 жыл Қабілет түрлері:
1. Интеллектуалдық қабілеттер – ақпаратты қабылдау, өңдеу және міндеттерді шешу іскерлігімен байланысты. Оларға логикалық ойлау, зейін, ес жатады.
2. Шығармашылық қабілеттер – жаңа, тың дүниені жасауға бейімділік; мысалы, көркем шығармашылық немесе өнертапқыштық.Богоявленская Д. Б. Психология творческих способностей. М., 2002.
3. Физикалық қабілеттер – дене төзімділігі, күш және қимыл-қозғалыс үйлесімділігімен байланысты.
4. Әлеуметтік қабілеттер – адамдарға қоғамда тиімді өзара әрекет етуге, қарым-қатынас құруға, топта жұмыс істеуге көмектесетін қабілеттер.
Дереккөздер
Санат:Психология