Шин Хен МунГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Дальний Восток" ( қазіргі Ескелді ауылы) колхозының председателі (1937). 1918 жылы Кореяда, Сенгжин қаласында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Дальний Восток" ( қазіргі Ескелді ауылы) колхозына жұмысқа кіріп, сол жылы колхоздың председателі болып тағайындалады. 1945 жылы колхоз астық дақылдары өнімінен жоғарғы көрсеткішке жетеді. Сол жылы Шин Хен Мун "Құрмет белгісі" орденімен және "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1946 жылы 235 гектар қант қызылшасы алқабының әр гектарынан межеленген 235 центнердің орынына 264 центнерден, ал астық дақылдарының әр гектарынан межеленген 8,3 центнердің орнына 15,4 центнерден өнім алады. 1947 жылы астық дақылдарының әр гектарынан 10.3 центнердің орнына 20 центнерден, қант қызылшасы бойынша 260 центнердің орнына 360,5 центнерден өнім жинайды.
Наградалары "Құрмет белгісі" ордені (1945) "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері