Әлімбекова СараГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), "Жаңаталап" колхозының звеношысы (1943). 1900 жылы Талдықорған облысы, Шұбар ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы "Жаңаталап" ауылшаруашылығы артеліне жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болып еңбек жолын бастайды. 1943 жылы қант қызылшасы бойынша звеношы болып тағайындалады. 1945 жылы межеленген 150 центнердің орнына әр гектардан 173 центнер қант қызылшасын алады. Осы жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1946 жылы өнім мөлшері 150 центнердің орнына әр гектардан 250 центнерді құрады. Бұл жылы жоғары өнімі үшін "За трудовую доблесть" медалімен наградталады. 1947 жылы оның бригадасы мол түсімді 2 гектар жердің әр гектарынан 863 центнер, ал өздеріне бекітілген 6 гектар жердің әр гектарынан 371 центнерден өнім алып, жоспарды асыра орындайды.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1945) "За трудовую доблесть" медалі (1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері