Бостандық — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы ауыл, Бостандық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Сарыөзеннің сол жағалауында орналасқан. Шөлейт агроклиматтық белдемде жатыр. Өзен аңғарының шалғындық қара және шөлейттік бозғылт сұр топырағында астық тұқымдас шөптер басым.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1922 адам (958 ер адам және 964 әйел адам) болса, 2009 жылы 1769 адамды (907 ер адам және 862 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1551 адамды (807 ер адам және 744 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Бостандықта ауыл шаруашылық кооперативтері жұмыс істейді. Тұрғындары аудан орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Казталов ауданы елді мекендері