Черкес Мұса-Оглы МұрадовГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының бригадирі (1946). 1918 жылы Әзірбайжанда, Карьягинск ауданы, Ялевант селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1937 жылы Қазақстанға қоныс адарған соң "Новый путь" колхозына жұмысқа кіріп, 1944 жылға дейін бақташы, содан кейін егін суарушы болады. 1946 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болу тапсырылады. 1947 жылы қызылшадан мол өнім алу үшін үздік қызылшашылар тәжірибесін қолдана отырып, агрономның көмегімен агрожоспар жасайды. Агротехникалық кешендердің барлық жағдайларын қатаң сақтай отырып, себу жұмыстарын ойдағыдай аяқтайды. Еңбектері ақталып, бұл жыл да жемісін береді - 55 гектар жердің әр гектарынан 349 центнерден, ал мол түсімді 4 гектар алқаптың әр гектарынан 811 центнерден қант қызылшасын алады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері