Джон Чарлз Филдс (; , Гамильтон, Онтарио, Канада — , Торонто, Канада) — канадалық математик, математика саласындағы көрнекті жетістіктері үшін берілетін Филдс сыйлығының негізін қалаушы.

Джон Чарлз Филдс Онтарио провинциясының Гамильтон қаласында былғары дүкенінің иесі отбасында дүниеге келген. 1880 жылы Hamilton Collegiate Institute-ті, 1884 жылы Торонто университетін бітіріп, содан кейін АҚШ-қа көшіп, Джонс Хопкинс университетінде (Балтимор, Мэриленд штаты) оқыды, онда 1887 жылы Ph.D. дәрежесін алды. Оның «Symbolic Finite Solutions and Solutions by Definite Integrals of the Equation dny/dxn = xmy» атты диссертациясы 1886 жылы «American Journal of Mathematics» журналында жарияланды.

Филдс Джонс Хопкинс университетінде екі жыл сабақ беріп, содан кейін Мидвилль қаласындағы Allegheny College-ке (Пенсильвания штаты) жұмысқа ауысты. Солтүстік Америкадағы математика деңгейіне көңілі толмай, ол 1891 жылы Еуропаға аттанып, Берлин, Гёттинген және Парижде Карл Вейерштрасс, Феликс Клейн, Фердинанд Фробениус және Макс Планк сияқты сол заманның көрнекті математиктерімен танысты. Сондай-ақ ол Магнус Гёста Миттаг-Леффлермен достасып, бұл достық олардың өмір бойы жалғасты. Филдс жаңа тақырып — алгебралық функциялар бойынша мақалалар жариялай бастады және бұл оның бүкіл ғылыми мансабындағы ең жемісті зерттеу саласы болып шықты.

Филдс Торонто университетінде дәріс оқу үшін 1902 жылы Канадаға оралды. Туған елінде ол ғылыми және қоғамдық ортада математиканың мәртебесін көтеру үшін тынымсыз еңбек етті. Ол Онтарио провинциясының Заң шығару жиналысында университет үшін көлемі 75 000 доллар болатын жылдық зерттеу грантын бөлуге қол жеткізді, сондай-ақ Канада ұлттық зерттеу агенттігі мен Онтарио провинциясының ғылыми зерттеулер қорының құрылуына үлес қосты.

1919–1925 жылдары Джон Чарлз Филдс Корольдік Канада институтының президенті болды. Ол институтты ғылыми зерттеулердің жетекші орталығына айналдыруға тырысты, және жетістіктері туралы айту қиын болса да, 1924 жылы Торонто қаласында кезекті Халықаралық математиктер конгресі өтті.

Филдс көбінесе «математиктердің Нобель сыйлығы» деп аталатын Филдс сыйлығының негізін қалаушы ретінде әйгілі. Ол мұндай сыйлық идеясын 1920 жылдардың соңында ойластыра бастады, алайда әлсіз денсаулығы бұл идеяның жүзеге асуын көруге мұрсат бермеді. Ол 1932 жылы 9 тамызда қайтыс болды; соңғы өсиеті бойынша Филдс медалі қорын құруға 47 000 доллар бөлінді. Алғашқы марапаттау 1936 жылы өтті; Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін медаль мен сыйлық 1950 жылдан бастап әр төрт сайын беріліп келеді. Медальда тек лауреаттың тегі мен сыйлық берілген жыл қашалған. Онда Филдс туралы ешқандай ескерту жоқ. Дегенмен, сыйлық та, медаль да оның есімімен аталады (Филдс сыйлығы).

Джон Чарлз Филдс Канада корольдік қоғамының (1907 жылы) және Лондон корольдік қоғамының (1913 жылы) мүшелігіне сайланды.

Оның құрметіне Торонто университеті жанындағы Филдс институты аталған.

Сыртқы сілтемелер Джон Дж. О’Коннор және Эдмунд Ф. Робертсон. John Charles Fields MacTutor архивында

Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Ресей ҒА мүше-корреспонденттері (1917—1925) Санат:КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшелері Санат:Канада математиктері