Қызылқұлақ, Физалис немесе Қытай шамы () — алқалар тұқымдас өсімдіктердің ішіндегі ең ірі бөлімі. Физалис сәндік өсімдіктер ретінде қолданады.
Биологиялық сипаттама thumb|left|160px| Физалис Қызылқұлақ - бойы 40-60 см, кейде одан да биік көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтарының ұзындығы 6-12 см, ені 4-9 см. Гүлдері ақ, бесмүшелі. Күлтесі 10-15 мм диаметрінде.
Өсімдіктің ерекшелігі - өзгешеленген жеміс. Гүлдеп болғаннан кейін тостағаншасы өсіп, қызарып үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай жарқын-қызыл қорапшаға айналады. Қытайдың дәстүрлі қағаз шамдарына ұқсайды. Физалистер - жылусүйгіш өсімдіктер.
Таралуы Физалистың отаны - Орта Америка мен Солтүстік Американың оңтүстік-батысы. Осы жерден теңізшілермен Оңтүстік Еуропаға алып келінген. Еуропадан Қытай мен Жапонға жеткен.
Пайдалануы Оңтүстік аймақтарда физалистің жемісін азық ретінде қолданады. Медицинада физалисті қабынуға қарсы ем ретінде, қан тоқтатқыш, зәр айдағыш, өт айдағыш дәрі ретінде пайдаланады. Физалистің құрамына сүттік қант кіреді. Шамадан артық мидың және дененің жұмысында, немесе ұзақ аурудаң кейінгі адамдарға өсімдік регенерациялық және қалпына келтіру мақсатында қолданылады. Қоңыржай климатта жемістері толық пісіп үлгермейді, бұл жағдайда олар улы болады. Сол себепті өсімдік тек сәндік декор ретінде қолданады“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998.
Галерея +center|300pxcenter|300px center|300px«Гүлі»«Жемісі»«Қызарған кезі» +center|300pxcenter|280px center|300px«Кеуіп қалған кезі»«Жемісі»«Жапырағы» Пайдалынған әдебиеттер Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
Сыртқы сілтемелер http://www.zooclub.ru/flora/13.shtml Физалис (Physalis alkekengi) http://www.efloras.org/florataxon.aspx?flora_id=2&taxon_id=200020559 Physalis alkekengi in Flora of China @ efloras.org http://medicina.kharkov.ua/medicinal-plant/762-physalis.html
Дереккөздер
Санат:Алқалар