Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы (28 қараша 1904, Көкшетау, Қаратал - 14 сəуір 1972, Алматы) - қазақ совет психологі. Педагогикалық ғылым кандидаты (1951), доцент (1953). 1929 ж. - Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірді. 1929 ж. - Еңбек жолын мектепте психология пәнінен сабақ беруден бастады. 1932-1937 ж. - Орал педогогикалық институты директорының сыртта оқу жөніндегі орынбасары. 1939-1948 ж.- Қызылорда педогогикалық институты директорының ғылыми жұмысы жөнідегі орынбасары. 1950-1955 ж.- Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында декан 1955-[1960|1960 ж.]] - Өскемен педагогикалық институтының ректоры 1960-1962 ж. - Алматы қыздар педагогикалық институтының доценты 1962-1972 ж. - Шет тілдер институтының педагогика және психология кафедранысының менгерушісі қызметін атқарды. Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы 1962-1970 жылдары Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды. Темірбеков Абдолла Хұсайын ұлы - жоғары оқу орындарына арналған психологиялық оқулықтарының, көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:1904 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Психология