Тунгус-маньчжур тілдері - ежелден Шығыс Сібір ме Қиыр Шығысты мекендейтін эвек (тұнғыс), эвен (ламут), негидаль, ороч, удэгей, орок, ульчи, нанай халықтары тілдері. Тунгус-маньчжур тілдерінде сөйлейтіндер Қытайда (Солтүстік-Шығыс Қытай, Шынжаң) және Моголияда (Барги ауд.) кездеседі. 2002 жылғы санақтың нәтижесінде Сібірде Тунгус-маньчжур тобында 72 058 адам анықталды: эвенк — 34 989 адам эвен — 18 886 адам нанайлар — 11 947 адам ульчи — 2852 адам удэгей — 1622 адам орочтер — 644 адам негидаль — 527 адам орок — 327 адам тазы — 276 адам Бірақ осылардың арасыда Тунгус-маньчжур тілдерінде сөйлейтіндері көп есе аз. Көбінесе қариялар сөйлей алады. Оның үстіне Тунгус-маньчжур тілдері орыс, бурят, якут тілдерінің әсеріне ұшыраған. Тунгус-маньчжур тілдері мынадай тармақтарға бөлінеді: маньчжур тілі және оның сібір т.б. диалекті, бұл топқа олі тіл чжурчжен де енеді тунгус тармағы, ол өз ішінен эвенкі, нанай тобына жіктеледі. Маньчжурлар 16-шы ғасырдың аяқ кезінде монгол жазуын қолданатын. КСРО-дегі эвек, эвен, нанай, удэгейлердің жазуы 1920 жылдардың аяғында латын алфавитіне негізделді. Ал 1936 ж. олар орыс алфавитін қабылдады. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Тілдер тобы бойынша санаттар