Литосфералық плиталардың шекаралары – бұл қозғалмалы аймақтар . Мұнда көптеген сөнбеген вулкандар ( жанартаулар ) шоғырланған және жер сілкіну жиі болып тұрады . Мұндай аймақтарды «сейсмикалық белдеулер» деп атайды . Олар 1000-даған километрге дейін созылып , құрлықтағы , мұхит ортасындағы жоталардағы терең жарықтар зоналарымен және терең сулы науалармен тұспа-тұс келеді . Жер бетінде 800-ден астам сөнбеген жанартаулар бар . Олар құрлық бетіне және мұхиттың түбіне лава , күл , газ бен су буын көп мөлшерде атқылап шығарады . Литосфераның құрылысы мен даму тарихы жөніндегі білімнің пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруге зор маңызы бар . Мысалы , плиталардың шекараларында рудалы қазбалар түзіледі деген жорамал айтылады . Мұнда қазбалар магмалық жыныстардың жер қыртысына енуінен түзіледі . Пайдаланыған әдебиет Материктер мен мұхиттар географиясы : Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық /В.А.Коринская , В.А. Щенев , И.В.Душина ; Алматы «Рауан» 1992 жыл.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Жердің сейсмикалық белдеулері · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.