Абду-л Хамид Тархан - (1851-1937) - түрік ақыны. Көп жылдар дипломатиялық қызметінде болған. Екі өлеңдер жинағының, "Көр" атты элегиялық поэманың (1885, әйелінің өліміне арнап жазған), бірнеше романтикалық трагедиялар драмалардың авторы. Көрнекті еңбектері Үнді қыз - 1875 жыл Тарик - 1879 жыл Эшбер - 1880 жыл Бұл шығармаларында Англияның Үндістандағы отарлау саясатына қарсы шығады, патриоттық пен азаттықты ардақтайды.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:1851 жылы туғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Түркия ақындары