Тарихи геохимия - Жер планетасы тарихындағы тау жыныстарының химиялық құрамының өзгеруін зерттейтін геохимияның саласы.
Оның негізі 20 ғ-дың басында В.И. Вернадский мен А.Е. Ферсманның еңбектерінде баяндалды, ал 20-ғасырдың 2-жартысында оның қарқынды дамуына ядролық физиканың дамуы мен көптеген элементтердің изотоптарының ашылуы негіз болды. Тарихи геохимияның зерттейтін мәселелеріне: Жер қыртысындағы элементтердің геологиялық кезеңдерде абсолют және салыстырмалы мөлшерлері өзгеруінің заңдылықтары мен себептерін (ғарыштық, радиотивтік, биогендік, т.б.) анықтау; Жер энергиясы эволюциясының мәселелерін шешу; геологиялық кезеңдердегі Жер бетіндегі климат өзгеруінің геохимиялық процестерге әсері; адам тіршілігі мен еңбек әрекеттерінің геохимиялық процестерге тигізетін әсері жатады. Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. / Бас. ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: "Қазақ энцилопедиясы" ЖШС, 2010. Т 2. 348 б.
Дереккөздер
Санат:Геохимия