Агафокл ( (agathos) - мейірімді және (kleos) - мәртебе; ) - 361 ж. б.з.д. — 289 ж. б.з.д. өмір сүрген Сиракуз (Сицилия) тираны. Мамандығы - құмырашы. Қолбасшылық қабылетімен танылды. Жалдамалы әскерлер мен шаруашылығы күйзелген адамдарға сұйеніп, Сиракузыдағы олигархияны құлатты. 313 жылға дейін Сицилиядағы грек қалаларын түгелдей дерлік жаулап алды. Үстемділікке таласып, Карфагенмен талай рет соғысты. Ол билік еткен кезде Сиракуздың күш-қуаты артып, мәдениеті гүлденді.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Сицилия тирандары Санат:Б. з. д. 361 жыл Санат:Б. з. д. 289 жыл