Ағаш шырмауық () – аралия жататын мәңгі жасыл, көлеңке сүйгіш бұта не ағаш тәрізді шырмауық өсімдіктер туысы.
Биологиялық сипаттамасы Ағаш шырмауық тік өсіп тұрған ағаштардың діңіне не жарға өрмелеп өсіп, 30 м-ге дейін көтеріледі.
Жапырағы қалың, жылтыр, 5-7 бұрышты, ұзын сағақты және кезек орналасады.
Ағаш шырмауығы күзде гүлдейді. Гүлі майда, шоғы шатыр тәрізді.
Жемісі - жидек, көктемде піседі. Ағаш шырмауық 8 жасында гүлдейді, 500 жыл жасайды.
Таралуы Ағаш шырмауықтың 16 түрі бар, олар Еуропада, Солтүстік Африкада, Азияда өседі. Hedera algeriensis Hedera azorica Hedera canariensis - Канар ағаш шырмауығы, Солтүстік Африка Канар аралдарында өседі, Португалияда, Ирландияда Hedera caucasigena Hedera colchica - Колхида Ағаш шырмауығы, Кавказда, Гималаи тауларында, Жапонияда өседі Hedera cypria Hedera helix - Батыс Еуропа, Батыс Ресей, Крым, Кавказ Hedera hibernica Hedera iberica Hedera maderensis Hedera maroccana Hedera nepalensis
Пайдалануы Әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі.
Медицинада қақырық түсіргіш, тыыс алуды жеңілдететін дәрі ретінде қолданады. Спазмолитик.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Аралия тұқымдасы