Екпінді — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылының шығысында 2,5 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1087 1061 97,6 534 515 96,4 553 546 98,7
Инфрақұрылымы Бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт бар.Қазақ энциклопедиясы
Тарихы Бұл ауылдың адамдары колхоздастыруға дейін тау етегіне жақын жерде шашырай қоныстанған. 1929 жылы осы жерге жолдың екі шетіне келіп қоныстана бастаған. 1932 жылы артельдің жұмысы екпіндеп тұрғаннан соң "Екпінді" колхозы атандырды.
Осы ауылдың тең ортасымен бетондалған каналмен Меркі өзені өтеді. Бұл канал 1970 жылдары салынып, оның суы БЧК (Үлкен Шу каналы)-ға барып құяды. Егістікті суландырады. Екпінді мен Сарымолдаев ауылының ортасынан Ойтал өзені өтеді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы елді мекендері