Мыңшұқыр – Ерейментау тауларының шығыс сілеміндегі тау. Бозайғыртау тауларының солтүстік жалғасы. Ақмола облысы Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 556 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 7-8 км-ге созылып жатыр, ені 1,5-2,5 км. Көптеген төбелері бар адырлы жер. Шығыс баурайлары тік, тастақ жерлері кездеседі, солтүстік беткейі жайпақтау болып келеді де Қарабұлақ өзенінің аңғарына айналады.
Геологиялық құрылымы Ірі тастақ шөгінділер мен тасынды қиыршық аралас таужыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың қара топырағында сұлыбас аралас өскен түрлі шөптерден тұратын өсімдік дүниесі дамыған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары