Айлант () - дара желектілер (Simaroubaceae) тұқымдасына жататын ағаш. Биологиялық сипаттамасы Дің қабығы сұрғылт-қоңыр. Жапырақтары кезек орналасқан, үлкен, тақ қауырсынтәрізді, 9-41жапырақтан, жағымсыз иісті. Мамыр-маусымда гүлдейді. Гүлдері майда, гүлшоғыры - ірі сіпсебас Жемісі ұзынша, шағанның жемісіне ұқсас. Таралуы Айланттың жабайы түрі Қытайда, Үндістанда өседі. Қырым, Қавказ, Украинада тез өсетін ағаш ретіде көшеде, паркте өсіріледі. Пайдалануы Халық медицинасында Айлант қабығы мен жапырағын іш құртына қарсы пайдаланады. Гүлін, жас бұтағы және қабығы қызылша мен қарамық ауруын емдеуге қолданады. Жібектің ең бағалы түрін беретін айлант түт көбелегінің жұлдыз құртын Айлант жапырақтарымен қоректендіреді. Гүлдерінен бал аралары шырын жинайды. Ерте кезде Қытайда жапырағынан тоқыма маталар алыған, одан әр түрлі үй бұйымдары жасаған және бас киімдер тоқыған. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Қос жарнақтылар