Максим Викторұлы Аверин (1975 жылы 26 қарашада Мәскеу, КСРО-да дүниеге келген) – ресейлік театр және кино актеры, тележүргізуші, режиссер.
Өмірбаяны Әкесі «Мосфильмде» сәулетші-декоратор болып жұмыс істеген. Алты жасар кезінде кинодағы алғашқы тұсаукесері өтті. Әкесі оны өзімен бірге Махачқалаға түсірілім экспедициясына алып кеткен, онда «Невзоров графтың хикаялары» атты фильмнің түсірілімі жүргізіліп жатқан. Ол жерде кішкентай бала Максимге эпизоттық рөл тапсырған еді. Ол эпизотта Максимнің би билегенін үлкен көріністе көрсетеді. Тоғыз жасында Максим «Қысқа көріністер Театрында», «Бранденбург қақпалары» қойылымында ойнап жүрген. Сонымен қатар Кино Үйі театралдық студиясында актерлік шеберлік тәлімдерін алған. 1997 жылы Е.Б. Вахтангов атындағы Мемлекеттік академиялық театрының Б. В. Щукин атындағы Жоғарғы театр училищесін тәмамдаған. «Сатирикон» театрының актеры. Кино және ТВ-да танымал.
Жеке өмірі Үйленбеген. Жеке өмірін жасырын ұстағанды жөнді санайды.
Марапаттары 2002 - Ресейлік тәуелсіз «Триумф» марапатының лауреаты. 2005 - IV жылсайын өткізілетін «Орысша сүю» кинофестивалінің «Күміс таға» сыйлығының лауреаты («Магниттік даулдар» фильмі үшін). 2005 – РФ үкіметінің мәдениет саласындағы марапаттауының лауреаты («Магниттік дауылдар» фильмі үшін). 2005 – «Чайка» театралдық марапатының «Жағымсыз» және «Кейбіреулері ыстықтау етіп жақсы көреді» жүлдесінің лауреаты («Лир Патша» қойылымында Едмондтың рөлін сомдағаны үшін). 2011 – Ең жақсы сомдалған еркек рөлі үшін «ТЭФИ» марапатының лауреаты («Глухарь. Жалғасы» телехикаясы үшін). 2012 - Украиналық «Тележұлдыз» халықтық марапатының «2011-дегі Сүйікті актер» жүлдесінің лауреаты («Глухарь. Қайтып оралуы.» телехикаясы үшін).
Әуен «Көлеңкені қуалау» фильміне саундтрек «Где же вы небом забытые» өлеңі. «Үйге қайту» телехикаясына саундтрек «Бродяга» өлеңі. «Үйге қайту» телехикаясына саундтрек «Путь к тебе» өлеңі. «Үйге қайту» телехикаясына саундтрек «Где найти твои следы» өлеңі.
Аркадий Райкин атындағы «Сатирикон» театры «Лондон Шоу», "Пигмалион" пьессасы бойынша — Генри Хиггинс «Ричард III», Уильям Шекспир — Кларенс, Эдвард, герцогиня Йоркская «Лир патша», У. Шекспир — Эдмонд «Табысты орын», А. Островский — Аристарх Владимирыч Вышневский «Қарағайлар мен жел», Ж.Сиблейрас — Рене «Кьоджиндік қиындықтар», К. Гольдони — Падрон Тони «Үш тиындық опера», Б. Брехт — жаулап алу тобының мүшесі «Гамлет», У. Шекспир — Марцелл «Қыста арыстан», Дж. Голдмен —Жерсіз Джон «Шантеклер», Э. Ростан — Мысық, Қоян, Қаз, Шетелдік қораз «Гедда Габлер», Г. Ибсен — Йорген Тесман «Макбетт», Э. Ионеско — Банко «Маскарад», М. Лермонтов — Арбенин, Казарин «Күлкілі ақша», Р. Куни — Виктор Джонсон
Фильмографиясы жылы Қазақша атауы Шынайы атау Сомдаған рөлі1998ф Қастан махаббат Любовь зла Корабельников2000с Сапаршылар Дальнобойщики Виктор, Қараның досы2002с Ольга Корждың көздері Глаза Ольги Корж Антон2003ф Магниттік дауылдар Магнитные бури Валера2003с Отпен күресушілер Огнеборцы Денис Рогозин2004с Күн астындағы орын Место под солнцем Глеб Калашников2005с Живаго дәрігер Доктор Живаго Шыбық-адам2005ф Алтыбақан Карусель Олег Корнеев2005 ф Күнсіз қала Город без солнца Егор2005с Казароза Казароза Варанкин2006сҚосымша сезімталдық Запасной инстинкт Арсений Троепольский2006фАзирис Нуна Азирис Нуна Шидла2006сӨлі.Тірі.Қауіпті Мертвый. Живой. Опасный Стёпа2006фМысық вальсы Кошачий вальс Мурз, мысық2007тфМахаббат жалғыз Любовь одна Денис Шумский2007тфВарвараның үйлену тойлары Варварины свадьбы Юсуп Бекиров2007тфАврораның махаббаты Любовь Авроры Клим Громов2007фБірнеше қарапайым тілектер Несколько простых желаний Павел2007тфӨле-өлгенше сені сүйем Люблю тебя до смерти Тимур2008сЖалғасы бар Продолжение следует Виктор Максимов2008сГлухарь Глухарь Сергей Глухарёв2009тфКел, Жаңа Жыл! Приходи, Новый год! камео (Максим Аверин/Глухарёв)2009сГлухарь. Жалғасы Глухарь. Продолжение Сергей Глухарёв2009сҮнсіз куәгер – 3 Безмолвный свидетель - 3 Денис Качаев2010тфГлухарь. Тағы Жаңа! Глухарь. Снова Новый! камео (Максим Аверин/Глухарёв)2010сГлухарь. Қайтып оралуы Глухарь. Возвращение Сергей Глухарёв2010фКинодағы Глухарь Глухарь в кино Сергей Глухарёв2010сИнтерндер Интерныкамео2010сКөлеңкені қуалау Погоня за тенью Сергей Глухарёв2010сВераның амалдары Попытка Веры Олег2010мфТез қозғал! Sammy's Adventures: The Secret Passageаударма ( орысшаға)2011тфҚайта Жаңа! Опять Новый! камео (Максим Аверин/Глухарёв)2011фЕртеде бір қатын бопты Жила-была одна баба Александр2011сҮйге қайту Возвращение домой Глеб Белов2011сФурцева Фурцева Пётр Битков2011тфКеңес Одағына қызмет етем! Служу Советскому Союзу! Михаил Донцов2012сСклифосовский Склифосовский Олег Брагин2012сТартушы-адам Человек-приманка Геннадий Верещагин2013сСклифосовский 2 Склифосовский 2 Олег Брагин2013сГорюнов Горюнов Павел Горюнов2013сЧарли ЧарлиИт2013сКуприн Куприн Георгий Желтков
Жарнама Wagon Wheels
Телешоу
НТВ
2009 — Максим Аверинмен Жаңа Жылдық түн 2010 — Максим Аверинмен Ерекше концерт 2010 — Марковна. Қайта жүктеу 2010 — Глухарево деревнясында Жаңа Жыл түні 2011 — Қош бол, Глухарь! 2011 — Максим Аверинмен Ерекше концерт 2011 — Өте Жаңа Жыл MTV 2012 —Қайырлы кеш, хайуан! Пятница! 2013 — Қайырлы кеш, Хайуан! ТРК Украина 2011 — Жеңіске деген бір минут IНТЕР 2011 —Crimea Music Fest фестивалі
Бейнебаяндар Светлана Рерих — «Ладошки» «Браво» тобы— «Этот город»
Режиссёр 2010 — [Глухарь. Қайтып оралуы
Санат:Ресей кинорежиссёрлері Санат:Ресей актерлері Санат:Ресей журналистері