Географиялық орны Шынжылы – Алакөл алабындағы өзен. Ұзындығы 110 км, су жиналатын алабы 1510 км2.
Бастауы Солтүстік Жетісу Алатауы ндағы Көктөбе тауының солтүстік беткейінен басталып, Үшарал қаласынан 5 км төменде Тентек өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғары және орта ағыстарында аңғары тар, таулық сипатты, жағасы тік жарлы (5 – 12 м). Жайылмасы төменгі бөлігінде ғана айқын қалыптасқан, ені 50 – 120 м. Негізгі салалары: Байбол, Көктас, Қарғалы, Жыланды. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде және жаздың басында тасиды. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 2,70 м3/с. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Бойында екі суару каналы салынған.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы