Өткен ғасырларда қазақ халқы Отанын , дінін сатқандарға , құдайға, пайғамбарға ,аруаққа тіл тигізгендерге , аса ауыр қылмыс жасағандарға өте қатаң тәртіптік заң қолданған.
Сипаттамасы Оның аты - шошай .Ел ағалары , дін басылары мұндай адамдарды шақырып алып , істің ашық-қанығын толық анықтайды. Егер қылмысы анықталған болса, оны ел алдында айып салып, елден қуады немесе шошай етеді. Шошай ету дегеніміз - қылмыскердің үйін ауылдан бес - алты жүз қадам бөлек тігу . Ол үйдің адамын да ,малын да ауылымен араластырмайды. Сөйтіп, ел заңында материалдық қана емес , рухани жағынан да жазалау болғанын байқайқауға болады. Мұндай жағдайға ұшыраған үйді шошай үй , адамын шошай қазақ деп атайды .Оларға құрмет жасалмайды , олар қонаққа , тойға , мәжіліске шақырылмайды .
Дереккөздер
1. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары кітабы , Атамұра 2011ж.
2.http://baq.kz/