Хасен Ақаев (1860 жыл, Қу болысы, Қарқаралы ауданы, Семей облысы, Ресей империясы — 1931, Қызылжар) — қоғам қайраткері.

16 жыл Қу елінің болысы қызметін атқарып, ел арасында жаңалық енгізуші, білім мен өнерді қолдаушы болған. Ата қонысында орналасқан Қоянды жәрмеңкесінің өркендеуіне, орыс, татар, өзбек көпестерімен сауда-саттықтың дамуына көп күш салған.Қазақ энциклопедиясы I том Дүкен ұстап, қыр қазағының өнеркәсіп өнімдеріне сұранысын өтеуге тырысқан. Егін егіп, мал тұқымын жақсартумен айналысқан. Еуропалық үлгідегі қазақ-орыс мектебін ашып, оны бітіргендерді өз қаражатымен Қарқаралы, Семей, Омбы оқу орындарында оқытқан. Әнші, күйші, серілерді, фельдшер, ісмер адамдарды жанында ұстаған. Балуандарымен, жүйрік аттарымен даңқы жайылған. 1905 жылы Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1910 жылы қазақтарды патша үкіметіне бағынбауға, сырттан көшіп келушілерге жер бермеуге, Қазақстанды Ресей империясынан бөліп алуға үгіттеді деген айып тағылып, әкімшілік жағынан жауапқа тартылды. 1917 жылы 16 наурызда Қарқаралы уезі қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды. 1918-1920 жылдары Алашорданың елдегі сүйеніштерінің бірі болды. 1921-1922 жылдары Кеңес орындарына елге сыйлы азаматтардың сайлануына ықпал жасады. Семей өңірінен аштыққа ұшыраған Торғай еліне жәрдем малын жинастыруға атсалысты. Мал-мүлкі әлденеше рет төркіленді. 1927 жылы Қызылжарға, одан Башқұртстанға кетуге мәжбүр етілді. 1931 жылы Қызылжарда дүниеден өткен.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Дереккөздер

Санат:1860 жылы туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:1931 жылы қайтыс болғандар Санат:Петропавлда қайтыс болғандар Санат:Қазақ болыстары Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары Санат:Алаш қозғалысы мүшелері