thumb|left|200px| Ангарск - Ресейдің Иркутск облысындағы қала (1951 жылдан), Сібір магистралінің темір жол стансасы. Китой өзенінің (Ангараның сол саласы) оң жағасында. Облыс орталығы Иркутсктан 46 км қашықтықта орналасқан. Атауын Ангара өзенінің атынан алған.
Халқы - 2025 жылдың мәліметі бойынша - 216 973https://rosstat.gov.ru/storage/mediabank/%D0%A1hisl_MO_01-01-2025.xlsx адам.
Ангарскта 100-ден астам ұлт уәкілдері тұрады.
Өнеркәсіп Иркутск-Черемхово ауданының ірі өнеркәсіпті орталықтарының бірі. Қалада екі ірі кәсіпорны жұмыс істейді: Ангарск мұнай-газ компаниясы (АНХК) Ангарск электролиз химикалық комбинаты (АЭХК) Ангарск полимерлер зауыты т.б. мекемелер. Мұнай-химия, құрылыс, материалдары және ағаш өндеу комбинаттары, электромеханикалық зауыт, тігін фабрикасы, ет комбинаты т. б. экономикалық маңызды орындар көп.
Башқұртстан мен Татарстаннан Ангарскге мұнай құбыры тартылған.
Білім thumb|left|200px| АГТА - Ангарск мемлекеттік техникалық академиясы Қалада көптеген жоғары оқу орындары бар: АГТА - Ангарск мемлекеттік техникалық академиясы; ИГУ, филиалы - Иркутск мемлекеттік университетінің филиалы; САПЭУ - Сібір құқық, экономика және басқару академиясы; РФЭИ - Қаржы-экономикалық институт; БГИ - Байкал гуманитарлық институты; ВСИЭП - Шығыс- Сібір экономика және құқық институты; ИЭ ИРГТУ - Иркутск мемлекеттік техникалық университетінің экономика институты.
Сауда секторы Көпетеген сауда үйлері, супермаркеттер, базарлар, сауда орталықтары бар.
Супермаркеттер: ОКей, «Эконом», «Норма», «Слата», «СМС», «Янта», «Любава».
Сауда үйлері: «ТехноМакс», «М.Видео», «Эльдорадо», «Евросеть», «Связной», «DNS (сеть магазинов)», «Позитроника», «СемьСот», «Цифроград», «Эксперт», «Клёво», «Экспедиция», «БЕГЕМОТиК», «Алмаз-холдинг», «Спортландия», «ПродалитЪ», «Дети».
Қаржы секторы Азиатско-Тихоокеанский банк; Альфа-банк; БайкалИнвестБанк; Восточный экспресс банк; ВТБ 24; Газпромбанк; ГринКом банк; Далькомбанк; Дальневосточный банк; ИТ-банк; МДМ Банк; Бюро финансовых решений «Пойдём!»; Промсвязьбанк; Райффайзенбанк; Росбанк; Сбербанк России; СКБ-банк;
Совкомбанк; Стройкредит; Национальный банк «Траст»; Банк «Уралсиб».
Көптеген мұражайлар, шіркеулер, тарихи орындар бар.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Санат:Ресей географиясы