Қажым Мүсіпов (1912, бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Алабота ауылы – 1982) – Социалистiк Еңбек Ері (1957).

Еңбек жолын 1931 жылы ұжымшарда есепші болып бастаған. Тұңғыш ауылдық кеңесінің хатшысы. 1937 жылдан Қызылту ауданы комсомол комитетінің хатшысы Қызылту ауданы жер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1942 – 45 жылдары Кеңес армиясы қатарында болып, майдандағы ұрыстарға қатысқан. Армия қатарынан босатылғаннан кейін Қызылту ауданының кеңестік шаруашылықтарында басшылық жұмыстарда болды. 1954 жылы Ұялы ұжымшарының төрағасы 1957 жылы Чапаев кеңшарының директоры болып сайланған. Кейінгі уақыттарда К.Маркс кеңшарының бас зоотехнигі болған.

Марапаттары Социалистiк Еңбек Ері (1957). Ленин ордені.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1912 жылы туғандар Санат:Уәлиханов ауданында туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары