thumb|left|260px| Көзілдірікті аюдың мекендейтін ареалы Көзілдірікті аюПятиязычный словарь названий животных. Млекопитающие,96 бет, ()  - аю тұқымдастардың жыртқыш сүткөректі аңы. Көзілдірікті аю немесе Анд аюы – Оңтүстік Америкада кездесетін жалғыз аю. Бұлар – ең кішкентай аюлардың бірі.

Биологиялық сипаттама Бұл сабалақ жүнді аңның дене тұрқы 50—180 см, құйрығы — 7—10 см, бойы 75—80 см; салмағы 70 кг дейін (ұрғашысы), 140 кг дейін (еркегі).

Түсі қара немесе қоңыр-қара. Көзінің айналасында ақшыл немесе сарғыш дөңгелек дақтар бар, сол бебепті - көзілдірікті деп атайды.

Биік пальмалардың басына жылдам өрмелеп шыға алатын ептілігі бар. Жапырақтарды жұлып жерге тастай береді, соңынан өзі түсіп жейді. Жемістерді, өсімдік тамырларын, жас бұтақшаларды жақсы көреді.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Таралуы Оңтүстік Америкадағы таулы ормандар (биіктігі 3000 м) мен үстірттерді мекендейді. Ареалына Венесуэланың батысы, Эквадор, Колумбия, Перу, Боливия шығысы және Панама.

Статусы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Дереккөздер

.Санат:Аюлар