Бетқайнар — Жамбыл облысының Қордай ауданындағы ауыл, Бетқайнар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағасында, Бішкек — Шу автомобиль жолы қиып өтетін тұста орналасқан. Ауыл жері бозғылт және қоңыр топырақты. Жусан, астық тұқымдас шөптер, эфемерлі өсімдіктер өседі.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4174 5587 133,9 2037 2798 137,4 2137 2789 130,5

Тарихы Іргесі 1901 жылы қаланған. 1996 жылға дейін "Көкқайнар" қант қызылшасын өсіретін кеңшар орталығы болды. Оның негізінде қазір шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар.

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданы елді мекендері