Өмірі мен игі истері Құрбанов Олжа Құрбанұлы (10.05.1910 жыл, бұрынғы Георгиевка ауданы Доңғыстау ауылы - 19.01.1973, Манкент) - еңбек ардагері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Еңбек жолын 1925 жылы Қызыл кетпен ұжымшарында есепшіліктен бастаған. 1929 жылдан сол ұжымшардың төрағасы, 1937 - 1940 жылдарыСайрам ауданының саяси бөлімінде, аудандық МТС - те директор, 1940 - 1942 жылдары Түркістан аудандық партия кеңесінің төрағасы, 1942 - 1959 жылдары Сайрам ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1959 -1971 жылдары Манкент ұжымшарының төрағасы болды. Көптеген орден, медаль, дипломдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы, 2005 жыл.

Дереккөздер

Санат:1910 жылы туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Ардагерлер Санат:Қоғам қайраткерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары