Апенниндік мәдениеті - отралық және оңтүстік Италияда қола дәуірінен қалған археологиялық мәдениет ( б.з.д.16-12 ғасырлар шамасында)
Апенниндік мәдениеті археологиялық материалдарының дені Капри аралындағы табиғи үнгірлерден (Пертоза, Цакито, Фельчи) табылған. Үнгірді мекендеушілер мал өсіруімен айналысқан, сүйектен, мүйізден, тастан түрлі еңбек құралдарын жасай білген. Қолдан жасалған нәрселер сирек. Қыш ыдыстардың жасалу әдісі, түрі, ою-өрнектері Апенниндік мәдениетінің әр ауданында әр түрлі. Өлікті жерлеуге тас шеңбер, мегалиттік құрылыстар жасау және күрке тәріздендіріп қазған үнгірлер қазу дәстүрі бар.
Дереккөздер
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Италия тарихы