Қуат Маратұлы Баймырзаев (4 тамыз 1965, Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылы) – география ғылым докторы (2001). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1996) бітірген. Осы университет ректорының көмекшісі, проректоры (1991–2000), декан (2001), 2002 жылдан Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болды. «Экономико-географические проблемы рационального природопользования в Центрально-Казахстанском регионе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Баймырзаев 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы.
Шығармалары Платежи и пользование природными ресурсами, А., 1997; Экономический механизм природопользования, А., 2001. Сыртқы сілтемелер http://www.republika.kz/?p=9412 http://biografia.kz/famous/2307/photo/1408 Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"