Қоңыроба – Тоқсанбай жотасының солтүстік-шығысындағы тау массиві.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданының шығысы және Қытай шекарасы бойында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3497 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 23-24 км-ге созылған, енді жері 6-7 км.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы герцин қатпарлығының тау жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Қиыр оңтүстік бөлігінің беткейлерімен аңғарларында цирктер, терең шатқалды аңғарлар кездеседі. Қоңыробаның батыс беткейлерінен Көксу өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Тау бөктерінде қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары