Абдұл-Қасым Ареф Казвини ( ), Иран ақыны, лирик және композитор.
Казвани (Иран) қаласында молданың отбасында туған. Әкесі - Хади Вакиля Казвини діни білімге баулаған.
Саяси тасниф (халық романстары) жанры мен саяси ғазалдардың негізін салушысы. 200 өлеңінің жинағы 1924 жылы Берлинде басылды. Ареф Казвини 1905-11 ж. Иран революциясына қатысқан. Революциялық мазмұнда таснифтер жазған. 20-шы жылдары соардан концерттер қойды. "Нахид" газетінде жұмыс істеді.
Ареф Казвини поэзиясында халық өлеңдерінің басталу элементтері мен классикалық поэзия дәстүрлері ұштастырылған. Саясиғазалдарында дәстүрлі образдар жаңаша шешім тапқан.
Сыртқы сілтемелер Abolqassem Aref Ghazvini (In English ), Rouhollah Khaleghi Artistic Center / Kanun-e Honari-e Rouhollah Khaleghi ( ).
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Иран ақындары