«Салам, Нью-Йорк» — Қырғызстан режиссері Руслан Акунның романтикалық комедиясы. Фильм қарапайым ыдыс жуушыдан бастап алып заңгерлік фирманың қызметкеріне дейінгі қиын-қыстау жолды басынан өткерген жас жігіт туралы баяндайды. Фильм Қырғызстан прокатына 2013 жылдың 14 ақпанында жарық көрді. Фильм тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы ең кассалық фильм деген атаққа ие болды, фильмнен түскен түсім 700 мың долларды құрады.

Сюжеті Фильмнің желісі Нью-Йорк қаласында өтеді. Бас кейіпкер — туған ауылынан АҚШ-қа Колумбия университетінің магистрлік дипломын алу арманымен келген Батыр есімді жас қырғыз жігітіКиргиз в Нью-Йорке.

Рөлдерде Бектемір Мамаюсупов — Батыр Аида Төлебаева — Эрика Марина Бэйн — Колумбия университетінің қазақстандық студенті Алекс Галпер — шахмат ойыншысы Алекс Майзлин — ''мейрамхана қожайыны

Түсіру тобы Сценарий авторлары: Сергей Кролевич, Руслан Акун, Гүлжан Токтогулова, Ермек Керімбаев Режиссёрі: Руслан Акун Продюсері: Нұрбек Айбашов Қоюшы оператор: Талант Ургазиев

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми көрсетілім

Санат:Қырғызстан фильмдері Санат:Нью-Йорк туралы фильмдер Санат:Романтикалық комедиялар Санат:Мелодрамалар Санат:Қырғыз тіліндегі фильмдер Санат:Руслан Акун фильмдері