Шынқожа — Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл, Нарын ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 км жерде, Аягөз өзенінің сол саласы Нарын өзенінің жағасында орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1578 1077 68,3 804 575 71,5774 502 64,9

Тарихы Іргесі 1912 жылы пошта бекеті ретінде қаланған. Атауы қалмақ басқыншыларына қарсы күрес батырларының бірі – Шынқожаның есімімен аталған. Шыңқожа ауылы шаруашылығын ұйымдастыру кезінде ұжымшар және ауылдық кеңестің, 1963 жылы "Нарын" қой кеңшарының орталығы болды. 90-жылдардың 2-жартысынан бастап кеңшар негізінде Шыңқожада және округтегі Ай, Қарауыл, Төленді ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Алматы – Семей автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы елді мекендері