Диплодок – мойыны ұзын, құйрығы жіңішке шөпқоректі динозавр. Ол 154 – 150 миллион жыл бұрын ежелгі Юра дәуірінде өмір сүрген. Мұрыны маңдайында орналасқан, алдыңғы жақ сүйектерінде имек тістері болған. Алдыңғы аяқтары артқыларына қарағанда – қысқа. Жауларынан ұзын тырнақтарымен қорғанған. Бел омыртқаларының астында аяқтарын алға – артқа қозғауға мүмкіндік беретін шығыңқы сүйектері бар. Бұл сүйектер динозаврдың мойыны мен құйрығын еркін қимылдатып, жылдам қозғалуына көмектескен. Ол жапырақтарды шайнамай жұтатын болған. Қызықты деректер Ұзындығы – 28 м, салмағы – 2,5 т, қорегі – шөп болған. Диплодоктың 14 метрге жуық құйрығы жер бетіндегі жануарлардың бәрінің құйрықтарынан ұзын болды. Диплодок – ең ұзын динозавр. Артқы аяқтары өте мықты болған. Диплодоктың қалдықтары алғаш рет 1878 жылы АҚШ – тың Комо Блаф жотасынан табылған. Құрылысы басқа көптеген алып зауроподтарға қарағанда әлдеқайда қарапайым. Диплодоктың тістері ерекше болған.Динозаврлар энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Динозаврлар