Тоқырауын жер асты су кені - Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солт.-шығысқа қарай 100 км-дей жерде орналасқан. Сулы қабат Тоқырауын өзенінің аңғарында төрттік кезеңнің қалындығы-18-38 м болатын аллювийлік кесектасты-құмды шөгінділерінде қалыптасқан. Ол табаныныда палеозойлық тау жыныстары жатқан қалыңдығы 3,5 - 4 м саздақпен жабылған. Сулары арынсыз, тұщы, минералды 0,2-1 г /л химиялық құрамы гидрокарбонатты - сульфатты және кальцийлі-натрийлі, 0,7-4,4 м тереңдікте жатыр. Алаптан Балқаш қаласына (тәулігіне 81,2 мың м3) шаруашылық мақсатында және ауыз су үшін су алынады. Пайдаланылған әдебиет А 90 Атамекен: Географиялық энциклопедия /Алматы:"Қазақ энциклопедиясы", 2011,-648 бет.