Өтеміс Алдабергенов (1917 жыл, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ кенті - 1991 жыл, Ақтөбе қаласы) — партия-кеңес қызметкері.

Өмірбаяны 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Волхов майданында 2-ші атқыштар дивизиясының 200-ші полкінің құрамында майданның ауыр жолынан өтті. Рота командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1945 ж. әскер қатарыннан босаған соң партия-кеңес органдарында қызметте болды. 1962 жылы Ақтөбе облысының кеңес атқару коммитетінің төрағасы болып сайланды. Кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін ұзақ жылдар тұрмыстық қамту басқармасының бастығы.

Марапаттары 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.

Дереккөздер

Санат:1917 жылы туғандар Санат:Әйтеке би ауданында туғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтөбеде қайтыс болғандар Санат:Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері