Картопты тікелей комбайнмен, сондай-ақ комбайнмен бөлектеп жинау тәсілімен жинайды.Тікелей комбайндауды өнімділігі гектарына т астам болғанда және топырақтың ылғалдылығы проценттен кем болғанда қолданады.Жеңіл және орташа топырақты, тасы көп топырақтан басқа барлық аймақтарда картопты егуге ұсынылатын КҚУ-2А комбайны қазір кең таралып отыр. Жеңіл құмды топырақта және ұсақ тастары жиналған топырақта електі комбайн пайдаланылады. Жинақтап құрастырылған машиналарды пайдалану тәсілі ірі тастары көп учаскелерден басқасында, ылғалдылығы мол болатын жағдайларда қолданылады. Бұл тәсідһлде УҚВ-2 универсальді картоп қазғыш дестелер жасағышпен жанында жиналмай жатқан қатары бар қатараралықты ең алдымен қазып, сонан кейін екі немесе төрт қатарлы етіп түйнектерді үйеді. Картопты дестеде 2-3 сағат жатып кепкеннен кейін комбайнмен қасында қазылмай жатқан қатарды қазып және дестеде жатқандарды да бірге жинап алып кетеді. Бөлектеп жинау тәсілі тікелей комбайнмен жинау мүмкін болмайтын, комбайнды кейде пайдаланып, кейде пайдаланбайтын ылғалы көп топырақтарда қолданылады.Бірінші жағдайда УҚВ-2 дестесалғышпен төрт немесе алты қатардағы түйнектерді қазып, оларды жиналған танапта дестеге салады.Дестелер 2-3 сағат кептірілгеннен кейін арнаулы жабдықтармен ыңғайланған комбайнмен жиналады. Екінші жағдайда картопқазғыш екі қатардың түйнектерін қазып, оларды топырақтан бөліп және қолмен жинап алу үшін жердің бетіне шығарып отырады. Дереккөздер Машина-трактор паркін пайдалануда ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы: селолық орта кәсіптік-техникалық училищелерге арналған оқу құралы.Мухин А.А.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Картопты жинау тәсілдері · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.