Көп электронды атомдар. Көп электронды атомдар үшін әрбір электронның жағдайын сипаттайтын 4 квант саны болады. Неғұрлым атомда электрон көп болған сайын энергияның мөлшеріне n санымен қатар l – дің әсері арта бастайды. Көп электронды атомдағы деңгейшелердің энергетикалық сипаттамасы мынадай заңдылыққа бағынады: ns; (n – 1) d; (n – 2) f деңгейшелері өзара шамалас, әрі олардың энергиясы np – мен салыстырғанда әрқашанда аздау болып келеді. Бойындағы энергиясының артуы бойынша орналастырсақ энергетикалық деңгейшелердің қатары мынадай болып шығады:1s<2s<2p<3s<3p<4s≈3d<4p<5s≈4d<5p<6s≈5d≈4f<6p<7s≈6d≈5f<7p Бұл заңдылықты Клечковский былай тұжырымдады: n123l543

+ Кесте. Энергетическая последовательность орбиталей в изолированных атомах(n+l)nlАтомные орбитали1101sБірінші период2202sЕкінші период3212p303sҮшінші период4313p404sТөртінші период5323d414p505sБесінші период6424d515p606sАлтыншы период7434f525d616p707sЖетінші период8535f626d717p808sСегізінші периодтың басы Клечковскийдің бірінші ережесі. Клечковскийдің бірінші ережесі. Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандары қосындысының (n + l) өсуі ретімен орналасады. Клечковскийдің екінші ережесі Клечковскийдің екінші ережесі. Егер екі деңгейше ҥшін бас және орбиталь сандарының қосындысы (n + l) бірдей болса, онда электрон алдымен l– дің мәні кіші n – нің мәні ҥлкен деңгейшеде, одан соң n – нің мәні ҥлкен l –дің мәні кіші деңгейшеде орналасады. IТлепиева Г.Ш. Т48 Бейорганикалық химия курсы: Оқу құралы - Ақтау, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2010 ISBN 978-601-7276-25-6

Дереккөздер