Заттардың ерігіштігі. Әр түрлі заттардың ерігіштігі еріткіштің табиғатына, сыртқы термодинамикалық жағдайларға – температураға, қысымға байланысты болады.Заттардың ерігіштігін түсіндіретін жалпы теория жоқ, тек «ұқсас заттар бір – бірінде ериді» деген қағида бар. Мысалы, ионды немесе полюсті болатын суда ериді. Көптеген органикалық заттар органикалық еріткіштерде ериді. Сонымен жеке алған зат кез келген еріткіште ери бермейді, тек белгілі бір еріткіште немесе еріткіштерде ериді. Сан жағынан заттардың ерігіштігі қанық ерітіндісінің концентрациясымен немесе 100 г еріткіштегі еріген заттың мөлшерімен анықталады. Газдардың ерігіштігі қысым артуына байланысты өседі, ал температураның жоғарлауына байланысты кемиді. Газдар ерігіштігінің қысымға байланыстылығын Генри заңы анықтайды. Тұрақты температурада газдардың ерігіштігі қысымның өсуіне тура пропорционал. Сұйықтардың сұйықта ерігіштігі температураның жоғарлауына байланысты артады, ол қысымға байланысты болмайды. Қатты заттардың сұйықта ерігіштігі температура өскен сайын артады, ал қысым онша әсер етпейді. IТлепиева Г.Ш. Т48 Бейорганикалық химия курсы: Оқу құралы - Ақтау, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2010 ISBN 978-601-7276-25-6 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Заттардың ерігіштігі · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.