thumb|Эораптор thumb|Эораптор thumb|right|Эораптор Эораптон — екі аяқпен жүгіретін кішкентай динозавр. Оның қуысты сүйегі, ондаған майда тісі, сопақша келген басы және бес саусақтан тұратын алдыңғы аяқтары табылды. Эораптор әлемдегі ең ежелгі динозаврлардың бірі. Ол шамамен 230-225 миллион жыл бұрын қазіргі Аргентинаның солтүстік - батысында өмір сүрген. Динозаврдың салмағы тым жеңіл болған. «Тіпті ересектерінің өзі 10 келіден аспаған» деп жорамалдайды ғалымдар. Динозавр аяғының ұшымен денесін тік ұстап жүрген екен. Қызықты дерек Бұл қарапайым динозаврдың сүйектерін алғаш рет 1991 жылы Чикаго университетінің палеонтологы Пол Серено Аргентинаның Исчигуаласто басейнінен тапқан. Эораптор динозаврлардың кесірткежамбастылар тобына кіреді. Мәліметтер Қорегі : жануарлар Салмағы : 9 келі Тұқымдас : Зауропси Отряд тармағы : Теропод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер

Санат: Динозаврлар Санат: Зоология