Кермекке салу Емен, тал, т.б. ағаштардың қабығын, томарбояу, рауғаш тәрізді өсімдіктердің тамыр-түбірін, ермен-жусанның бүрін кептіріп, талқан тәрізді түйіп жасалған қоспаны кермек деп атаған. Осы қоспаны қазанға салып, су құйып, тұз қосып қайнатады. Содан соң ағаш астауға қотарып, жалаңаш қолдың шынтағын батырғанда күймейтіндей шым-шым кезінде теріні салып қояды. Бірнеше тәуліктен соң терінің пұшпағын өткір пышақпен алып, суын сорғытып, көлеңкеге жауып кептіреді. Кермекке салынған тері әдемі қоңыр-қызыл түске боялады. Осыны қызылдау деп те айта береді.

Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы