thumb|Грипозавр thumb|Грипозавр thumb|Грипозавр Грипозавр — шамамен 76-72 миллион жыл бұрын кеәінгі Бор кезеңінде өмір сүрген үйректұмсықты динозавр. Ол өсімдіктерді азық еткен динозаврлар қатарына жатады. Ұзындығы шамамен 9 метр болған. Сопақша келген басы, биік аркаға ұқсайтын танауы оның бет-әлпетіндегі ерекше сипаттар саналады. Сол сияқты тұмсығында үлкен өсіндісі болған. Динозаврдың мойыны, кеудесі, қабырға тұсы қалыңдығы 0,6 см қабыршақтармен қапталған. Бұдан бөлек құйрығында бір-бірінен 5-7 см қашықтықта, ені 1,2 см болатын конус пішіндес пластиналар орналасқан. Қызықты дерек Олар Канададағы Алберта деген жерден табылған. Оның жапырақтарды шайнауға арналған 300-ге тарта тісі болған. Грипозаврға 1914 жылы Л. Ламбе атты ғалым атау берген. Мәліметтер Қорегі : өсімдіктер Салмағы : 2 тонна Тұқымдас : Гадрозавр Отряд тармағы : Орнитопод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер

Санат: Динозаврлар Санат: Зоология