thumb|Ориктодромеус Ориктодромеус — осыдан шмамен 95 миллион жыл бұрын орта Бор дәуірінде өмір сүрген, ін қазатын шөпқоректі орниопод. Динозаврды 2007 жылы палеонтолог Дэйвид Дж. Варичино осылай атаған. Ересек ориктодромеустің ұзындығы - 2 метр, салмағы - 22-32 келі, бабаларының ұзындығы 1,3 метр болған. Ориктодромеустың бір үңгірден әр түрлі көлемдегі сүйектері табылған. Бұдан біз динозаврдың үйірімен өмір сүргенін аңғарамыз. 2004 жылы Иошихиро Катсура атты ғалым оңтүстік-батыс Мантанадан динозаврдың толық емес сүйек қалдықтары сақталған інді тапты. Қызықты дерек Ориктодромеустың сүйек қалдықтары іннің ішінен табылған, яғни ол інде өмір сүрген. Тез жүгіретін, шағын денелі ориктодромеусінде тіршілік еткен динозавр. Көртышқан,ехидна, Вомбат секілді інқазғыштармен салыстырғанда ориктодромеустың алдыңғы аяқтары тым қарапайым болатын. Мәліметтер Қорегі : өсімдіктер Салмағы : 22-32 келі Тұқымдас : Гипсилофадонтид Отряд тармағы : Церапод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер

Санат: Динозаврлар Санат: Зоология