Жерді муниципализациялау- жерді земстволардың немесе өзін-өзі басқаратын жергілікті органдардың (муниципалитеттердің) қарауына беру. Россиядағы бірінші буржуаздық демократия рев. кезінде агр. мәселе жөніндегі меньшевиктік программа "Жерді муниципализациялау" деген атпен белгілі болды. Ол помещиктік жерлерді төлем төлеу негізінде өзін-өзі басқаруоргандарына көшіруді ескерді, шаруалар бұл жерлерді өз шама-шарқына қарай жалға алуға тиіс болды; үлестік жерлер мен ұсақ жер меншіктері бұрынғы иелерінің қолында қалатын еді. Саяси және экономикалық жағынан реакцияшыл бола отырып, В.И.Лениннің бағалауынша жерді муниципализациялау программасы дегеніміз "нағыз аграрлық биметаллизм: нағыз ескі, тозығы жтіп, дәурені өткен, ортағасырлық үлесті меншікті жерге жеке меншіктің жоқтығымен, яғни капиталистік қоғамдағы жер қатынастарының ең алдыңғы қатарлы, теория жүзінде мінсіз құрылысымен ұштастыруды көріп отырмыз. Бұл аграрлық биметаллизм- теория жағынан мағынасыздық..." . Жерді муниципализациялаудың меньшевиктік программасы марксизмнің алдымен жер рентасы жөніндегі негіздерін ревизияларды. В.И. Ленин жерді муниципализациялаудың меньшеветвік программасын қатты сынады.

Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы